Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Zoom платформасында өткен онлайн кездесуге этномәдени орталықталықтарының өкілдері қатысты

Достық үйінің ""Қоғамдық келісім" КММ Қоғамдық -көпшілік шараларды ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Тәңірбергенова Айымжан Карипжанқызы сөз кезегін алып, “Бірлік түбі – береке” қағидасын берік ұстанатын біртұтас Тәуелсіз Қазақ елінің егеменді татулығын көздің қарашығындай сақтап, баянды ету біздің қолымызда екендігін атап өтті.

0
0
220

Санитарлық шектеулерге байланысты онлайн форматта мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу

Жиында еңбек құқықтарын сақтаулуы сонымен қатар жұмысқа орналасу статистикасы талқылып, мемлекеттік қызметпен қатар, жұмыспен қамтуға ықпал ету, кәсіби даярлау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, жаңа бизнес-жоспарын дамытуға арналған гранттар және арнайы жұмыс орындарын құру бағдарламасы жайлы толықтай мәліметтер беріле кетті.

0
0
171

Жастар Жолдау жайын талқылады

Жастар әрдайым жаңашылдықтың маңайынан табылуы тиіс. Өйткені, баба жұрт «Жас келсе іске» деп тегін айтпаса керек. Бұл сөздің астарында үлкен мән бар. Қай істі болмасын олар жаңашылдықпен, тың идеямен бастайды. Міне, осы үдеден танбай Алматы облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі Еркебұлан Ақболат жастармен жүздесті. Жоғары Политехникалық коллежде өткен кездесудің мақсаты – ел президенті Қ.Тоқаевтың биылғы дәстүрлі Жолдауын жастар арасында түсіндіру.Жасотандықтардың Жолдау жайын түсіндіруінің өз жайы бар. Өйткені бұл Жолдау жастар мәселесін оң жампасқа түсіріп тұр. Демек, атаулы құжат арқылы қоғамның ең белсенді мүшелерінің талай түйінді проблемалары шешілмек.- Биылғы Жолдаудың жастар үшін маңызы қандай? Міне, әуелгі сұрақ…

0
0
125

Жүсіп Баласағұни

Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы.Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Биыл мың жылдығы атап өтілетін ғұламаның «Құтты білік» сынды мұрасы зерттеліп жаңғыру үстінде.

0
0
455

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылқоғамдық кеңесінің мүшелері бастауыш партия ұйымдарының

іс жоспарын бекітіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстарды жүргізіп келеді.Осы тұста, бүгін Талдықорған қалалық «Nur Otan» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Жиынға қалалық қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, ZOOM платформасы арқылы жыл басынан қоғмдық кеңестің атқарылған жұмыстарыдың есебі айтылды.Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің мүшесі Е.Ақболатов, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жазықбаев және бастауыш партия ұйым өкілдері қатысты.Басқаларға үлгі-өнеге көрсетуге тиісті атқарушы және мемлекеттік органдарының лауазымды иелерінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоя отырып, яғни Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына…

0
0
147

Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы

Кәсіпорын 80 % қайта жаңғыртылды, өндіріс толық автоматтандырылған, бұл қант сапасын еселеп арттыруға ықпал етуде.Тағы бір маңызды жайт – бұл зауыт табиғи газға қосылды. Кәсіпорынның экологиялық таза отынмен жұмыс істеп тұрғанына екі жыл болды. Бұл нысанға экономикалық жағынан тиімді болса, өңір үшін экологиялық жағынан тиімді. Бұрын зауыт маусымына 10 мың тонна мазут жақса, газға көшкелі отынға кететін шығын 1,5 есе кеміген. Бүгінгі күні Ақсу қант зауытының кезекті жаңғырту жұмыстарынан кейін өңдеу қуаттылығы 350 мың тоннадан 500 мың тоннаға ұлғайтылды. Зауытта қант қызылшасынан шығатын жомды кептіруге арналған және оны түйіршіктейтін желі іске қосуға дайын. «Қызылша жомы – малға таптырмайтын азық. Облыста мал бордақылау алаңдарының қатары артып келеді, сондықтан кептірілген жомды өткізу…

0
0
370

«Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанынан құрылған «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелерімен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.«Miras» аймақтық кеңе­сінің негізгі міндетті мәде­ниет пен өнер саласындағы басым ба­ғыттарды анықтау, оларды жүзеге асы­руға қажетті шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қа­тар, аудан қалалардағы мә­де­ниет пен өнердің жай-күйі туралы мәселелерді талқылау» -деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айгул Оралғазықызы.Жиын барысында аудандардағы мәдениет ошақтарының жай-күйі және жекеменшік нысан иелерінің «Тіл туралы» заң талаптарын орындау мәселелері талқыланды.«Бүгінгі таңда аудандардағы мәдени ошақтарының басым бөлігіне тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Еліміз…

0
0
382