«Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанынан құрылған «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелерімен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
«Miras» аймақтық кеңесінің негізгі міндетті мәдениет пен өнер саласындағы басым бағыттарды анықтау, оларды жүзеге асыруға қажетті шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қатар, аудан қалалардағы мәдениет пен өнердің жай-күйі туралы мәселелерді талқылау» -деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айгул Оралғазықызы.
Жиын барысында аудандардағы мәдениет ошақтарының жай-күйі және жекеменшік нысан иелерінің «Тіл туралы» заң талаптарын орындау мәселелері талқыланды.
«Бүгінгі таңда аудандардағы мәдени ошақтарының басым бөлігіне тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Еліміздегі эпидемологиялық жаңдайға байланыс мәдени іс-шаралар көбінесе онлайн форматта ұйымдастырылып өткізілуде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда»- дейді ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ұ.Б.Сағадиев.
Жиынға қатысушылар мәдениет саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты ұсыныс пікірлерін жеткізді.
