Біздің халқымыздың басынан өткен кешегі отарлық саясаты өз "жемісін" бергені сондай, бірдеңе болса, "казах без понтов не казах", "қазақпай", "қазақский ремонт" (нашар атқарылған жұмыс туралы), ең ақыр аяғы "қазақ десең өзіңе тиеді" деп күстәналай жөнелеміз. Бірақ, тарихшы ретінде талай материалға талдау жасаған кезде біздің халқымыздың батырлығына, адалдығына, тазалығына таң қаламын. Осы жай туралы көптен бері ойласып жүрген едім, оған тағы түрткі болғаны өзімнің жақсы көретін жерлес апай, қаламы ұшқыр, ниеттес, пікірлес жан - Анар апайдың "Тосын" атты мақаласы себеп болды. Заманында Асан Қайғы желмаясымен желіп жүріп Торғайдың Тосынын көріп "Ақшабағы май татыған, қара суы бал татыған Тосын мен Торғай-ай! Әттең, ат сауырына сыймайсыңдар-ау, сыйсаң бөктеріп алып кетер едім" деген екен. Осы…