"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы «Бақытты отбасы» «Отбасындағы алғашқы бала» жобасы аясында жас отбасыларға арналған онлайн-семинар өткізілді. Семинар барысында жарасымды отбасы, үлгілі әке мен ана, бала тәрбиесі қарастырылды. Онлайнға қатысушы жастардың айтуынша, отбасы бақыты – сыйластықта, кілті – өзара түсіністікте. Адам баласы дүниеге шыр етіп келген сәттен-ақ ең алдымен ата-анасының алтын қолына, қамқорына түседі. Енді ол да, бұл отбасының ажырамас бөлігі. Туған жанұясы, сәбинің ең алғаш кішкентай Отанына айналады. Шынында да, отбасы әр адам үшін сыйластық пен жарастық орнаған орта, кішкене мемлекет. «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкелі…