Мазмұнға өту

Жаңа

Алматылық жасотандықтар «Мен жауапты донормын» акциясы аясында 10 литр қан тапсырды

«Jas Otan» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының белсенділері «Мен жауапты донормын» акциясы аясында 10 литр қан тапсырды. Акцияға 30 донор қатысты, оның ішінде жасотандықтар, еріктілер және қала тұрғындары бар.Акцияны өткізу алаңы Алматы қалалық қан орталығы болды.«Мен бірінші рет қан тапсырған жоқпын, карантинге дейін мен үш айда бір рет донор болдым. Мұндай акциялар алдағы уақытта да өткізілетініне сенемін. Біз барлығымыз бірігіп, қанға мұқтаж жандарға көмек көрсете аламыз», – дейді қала тұрғыны Ақбота Бүркітбаева.Жастар арасында алғаш рет қан тапсырғандар да болды. Аида Орынбаеваның айтуынша, ол бүгін алғаш рет қан тапсырған.«Бәрі жақсы болды, маған ұнады. Мен бұл өте қорқынышты деп ойладым. Бірақ тамырдан қан ала бастағанда, айтарлықтай ештеңе жоқ екенін түсіндім. Енді бұл игі істі…

0
0
209

"Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті.

"Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың төрағалығымен облыстық партия филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті. Аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматында өткен партиялық жиынға аудандық делегация қатысты.Жиында делегаттар Шығыс Қазақстан облысының «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын бірауыздан мақұлдап, конференция барысында Қазақстан Республикасы депутаттығына үміткерлер арасында пікірталас өтті. Конференция жұмысына қатысқан партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарға дауыс берді. Оның қорытындысы бойынша 6 үміткер анықталды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының партиялық тізіміне енген үміткерлер ұсынылып, конференция д…

0
0
208

Ауыл шаруашылық еңбеккерлері және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлер күні

Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері!

Қадірлі еңбек ардагерлері!

Сіздерді егемен еліміз айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халықтың «Ас атасы - нан» деген дана сөзінің терең мағынасы өмірдегі қоғамның барлық даму кезеңдерінде құпталып келеді.

Осы мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

0
0
122

"NurOtan"партиясы қалалық филиалының алаңында көп балалы аналардың проблемалық мәселелері талқыланды

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының алаңында көп балалы аналардың проблемалық мәселелері талқыланды. «Ulttyń bolashaǵy» қоғамдық қорының өкілдері бүгінде көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға қолдау көрсету бойынша үлкен кешенді жұмыстар жүргізуде, бірақ әлі де ашық қалған сұрақтар бар. Партия мүшелерінің қолдауына сүйене отырып, әлеуметтік белсенділер осы санаттағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Қолданыстағы заңнама шеңберінде олардың бастамалары қолдау табады. _____________________________ Проблемные вопросы многодетных матерей обсудили на площадке городского филиала партии «Nur Otan». Представительницы общественного фонда «Ulttyń bolashaǵy» на сегодняшний день проводят большую комплексную работу по поддержке мног…

0
0
125

Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар –Отанға» бағдарламасы аясында онлайн жиын өтті.

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар –Отанға» бағдарламасы аясында онлайн жиын өтті. Баршамызға белгілі қәзіргі таңда жастарымыз шет ел асып ол жақтан оралуы қиынға соғуда. Осы мәселелердің алдын алу мақсатында қандай шара қолдануға болады деген сұраққа жастарымыз жан-жақты талқылады.

0
0
158

Ұлттық валюта күні

15 қараша - Ұлттық валюта күні

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері! Сіздерді, Ұлттық валюта – теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, алдағы уақытта да еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз.

0
0
134

«Нұрлы жер» бағдарламасы

Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Ө. Сабытаев бастаған жұмыс тобы «Құтты мекен» партиялық жобасын іске асыру мақсатында, Маңғыстау ауылы 22 орамында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатырған 50 отбасыға арналған тұрғын-үй құрылысының жүру қарқынымен танысты.

#nurotanmunaily

#PBKmunaily

0
0
125