"Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті.
"Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың төрағалығымен облыстық партия филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті. Аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматында өткен партиялық жиынға аудандық делегация қатысты.
Жиында делегаттар Шығыс Қазақстан облысының «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын бірауыздан мақұлдап, конференция барысында Қазақстан Республикасы депутаттығына үміткерлер арасында пікірталас өтті. Конференция жұмысына қатысқан партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарға дауыс берді. Оның қорытындысы бойынша 6 үміткер анықталды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының партиялық тізіміне енген үміткерлер ұсынылып, конференция делегаттарының дауыс беруімен бекітілді.
Жиын соңында бірқатар жұмыс жоспарлары бекіді.
