"Ұтқан көлігімді 200 мыңға әрең саттым": мамандар ат спорты қалай дамып жатқанын айтты
Ұлттық спорт түрі – ат бәйгесіндеделебесі қозбайтын қазақ жоқ. Еліміздегіат спортының, әсіресе бәйгенің қазіргі ахуалы қандай?Қазақтың ат спортын кезінде айтыс өнерінің майталмандары басқарған."Ат спорты біраз жыл кенже қалды. Ішінара үлкен жарыстар болып тұрғанымен, қазіргідей жақсы дамыған жоқ", - дейді "Бәйге федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Жомарт Сайболатов.Жомарт Құмарқанұлы 2007 жылы Дубай қаласына барып, кездейсоқ ат бәйгесін тамашалайды."Арабтардың ұшқыр бәйгесін көріп, қаттытаңғалдым. Бұл бәйгеге әлемнің ең жүйрік аттары қатысадыекен. Бұл жарыста сәйгүліктер әртүрлі қашықтыққа –1000 метр, 2000-3000 метрге ғана шабады. Бұл жарысқа қатысу үшін 3 кезең жарысқа қатысып, содан үздік шығу керек, сонда ғана ұшқыр бәйгенің ақтық кезеңіне шыға алады", - д…


