Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін яғни қарашаның жиырма алтыншы жұлдызы

төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Мұқыры ауылы, "Құрылыс" ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесіп қайтты. Ондағы басты мақсат қызметкерлердің жалақысын төлеу бойынша әлеуметтік пакет мәселелері жайында білу еді. Аталған жеке құрылыс орнының иесі өзінің қызметкерлеріне тиісті жалақыларын уақытылы әрі тұрақты түрде төлеп отырғанын айтты. Оның бұл сөзін ұжым мүшелері де растап берді. Бұдан бөлек Мәлік Аманбайұлы шаруашылықтың жұмыс барысымен де танысты.

0
0
186

Республикасы Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы халыққа арнаған Жолдауын талқылау.

25.11.20 жылы “Nur Otan” партиясы Алатау аудандық филиалында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы халыққа арнаған Жолдауын талқылау, түсіндіру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Модератор: филиал төрағасының бірінші орынбасары Алдамбергенова Ж.А.

Дөңгелек үстел N29 қалалық емхана ұжымы - "Ақжүрек" бастауыш партия ұйымының мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Емхананың бас дəрігері А.Садыкова жолдаудың мазмұнымен, оның ішінде медицина саласына қатысты мəселелеріне ерекше тоқталып, толықтай түсіндіріп өтті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстары тыңдалды. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз деген тұжырымдамамен дөңгелек үстел отырысы тартымды өтті. @nur_otan

0
0
154

Zoom платформасында қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Е.Юсупов zoom платформасында қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша спорт өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді.

12
0
175