Көп балалы отбасылармен жылы жүздесуПартия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген отбасының бақытын еселеп үлгерді.Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен өңір белсенділері партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы отбасыларына барды. Кездесудің мақсаты – алтын құрсақты аналардың жай-күйін білу, көп балалы отбасылардың тұрмыстық қажеттіліктерін саралау, карантиндік жағдай…