Мазмұнға өту

Жаңа

Абай атамыздың 175 жылдығы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

#Abai175

0
0
167

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстары өткізілді.

1.Аудан мектептерінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы. Хабарламашы: Б. Аманжол-аудандық білім бөлімінің басшысы. 2. Аудан бойынша ветеринарлық -санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы. Хабарламашы: С. Құлтазин- Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының бас маманы. 3.Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №258 "2020-2022 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Хабарламашы: Г. Жансугурова - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

0
0
107

Ақсу -Аюлы аулында дойбыдан онлайн турнир өтті.

Ақсу -Аюлы аулында дойбыдан онлайн турнир өтті. Дойбы жарысында аудан көлемінде ауылдық округтер мен кенттер тұрғындар арасында жекелей түрде өтіп, жарысқа 36 адам қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

0
0
120

13 қараша- Халықаралық зағиптар күні

Ең алдымен "Алтын алқа" иегері, зейнеткер Қалампыр анаға барып, көп балалы, қазіргі таңда немере, шөберенің ортасындағы мейірімді әженің қуанған сәтіне куә болды. Екінші сәлеммен қуанышқа бөлеген жан-ауылымыздағы көптеген сәбиді бағып, қағып, елден алғыс алған, зейнеткер Әлия апай болды. Екі жан да қазіргі таңда көздері көрмесе де ауыл адамдарынан ақылын еш аямайтын жандар. Өмірдің жарқын көріністерін көздерімен көрмесе де мойымаған жандарға әрқашан бас ие отырып, жандарынан жақындары кетпегей деп тілек айтамыз.

0
0
161