Мазмұнға өту

Жаңа

Студенттік жатақханаға мониторинг жүргізілді

Шараға аудандық “Nur Otan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова, Доссор кенті әкімінің орынбасары, “Мұра” бастауыш партия ұйымының мүшесі Гүлнар Ерғожиева, “Jas Otan” жастар қанатының төрайымы Алтынгүл Есенаманова қатысты. Жалпы аталмыш колледж де 2020-2021 оқу жылында 187 студент білім алуда. Оның ішінде өзге аудандардан келіп оқитын білім алушылар саны - 68. Биылғы жаңа оқу жылында колледжге - 42 студент қабылданған. 1 қыркүйек пен 21 қазан аралығында студенттер колледжде оқыса, облыстық білім беру бөлімінің тапсырмасына сәйкес бүгіннен бастап студенттер оқуды онлайн жалғастыруға көшкені белгілі болды. Мониторинг барысында биылғы оқу жылында карантин талабына сәйкес студенттер жатақханаға орналаспағаны анықталды.

0
0
114

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өттіНұрсұлтан Назарбаев соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.«Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді», – деді партия Төрағасы.Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен оның жеңімпаздарының сапалық құрамына тоқталды.Толығырақ: Elbas…

0
0
110

Ақтамберді Сарыұлының 345 жылдығына орай іс-шара өтті

Іс-шара қоғам белсендісі, жырау, батыр Ақтамберді Сарыұлының 345 жылдығына арналды.Ақтамберді жырау қазақ маңдайына біткен ұлы тұлғалардың бірі. Ол өзі қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі және дипломат болған. “Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған.1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабы…

0
0
197

Nur Otan соңғы 5 жылдағы жұмыс қорытындысын шығарды

XX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастыру мәселелерімен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды.«Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады.«5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның…

0
0
171

Жылуға зәру ананың жағдайы жасалды

Тұрғынның үніне құлақ асқан аудан әкімі Шәкір Кейкин жауапты тұлғаларға мәселені шешу үшін жұмыстануға тапсырма беріп, демеушілердің көмегімен жалғызбасты ананың шаңырағына заманауи жылыту қазандығымен қоса толықтай жылу жүйесін жүргізіп берді.

0
0
159

Бүгін – Дүниежүзілік телевизия күні!

1996 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 21 қарашаны алғашқы дүниежүзілік телевизиялық форумның өту құрметіне орай Дүниежүзілік телевизия күні (World Television Day) деп белгіледі. Бүгінде телевизия – байланыс және жаһанданудың символы ретінде қалыптасқан.

0
0
263

Инклюзивті білім беру - уақыт қажеттілігі

Іс-шараға Баян Айтбекқызы Жандосова, Гульнара Каримовна Усенова және жастар қауымы қатысты.

Инклюзивті білім беру – балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастырады. Қазіргі таңда ол әлем жұртшылығының назарын аударып отырған ауқымды мәселенің бірі. Кездесуде қала мектептеріне аталмыш білім жүйесін еңгізу мәселелері талқыланды.

0
0
122