Студенттік жатақханаға мониторинг жүргізілді
Шараға аудандық “Nur Otan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова, Доссор кенті әкімінің орынбасары, “Мұра” бастауыш партия ұйымының мүшесі Гүлнар Ерғожиева, “Jas Otan” жастар қанатының төрайымы Алтынгүл Есенаманова қатысты. Жалпы аталмыш колледж де 2020-2021 оқу жылында 187 студент білім алуда. Оның ішінде өзге аудандардан келіп оқитын білім алушылар саны - 68. Биылғы жаңа оқу жылында колледжге - 42 студент қабылданған. 1 қыркүйек пен 21 қазан аралығында студенттер колледжде оқыса, облыстық білім беру бөлімінің тапсырмасына сәйкес бүгіннен бастап студенттер оқуды онлайн жалғастыруға көшкені белгілі болды. Мониторинг барысында биылғы оқу жылында карантин талабына сәйкес студенттер жатақханаға орналаспағаны анықталды.
