Мазмұнға өту

Жаңа

Атырау қалалық филиалының бірінші орынбасары Б.Мырзағалиев БПҰ-мен онлайн форматта кездесу өткізді

Атырау қалалық филиалының бірінші орынбасары Б. Мырзағалиев Атырау қалалық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарымен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында праймериз партияішілік іріктеудің бірінші кезеңі қорытындыланып, екінші кезеңі пысықталды. Алдағы жұмыс барысы талқыланды.

0
0
152

"Nur Otan"партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасыныңбірінші орынбасарытұрғындарыменкездесу өткізді.

"Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Мырзағалиев онлайн, офлайн форматта қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

0
0
120

"Тұрғын үй беру кезегі және апатты үйлер мен жатақханаларды бұзу" тақырыбында онлайн тыңдау өткізді.

Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің қалалық тұрғын үй секторының басшысы Жолдиев Рафхат Лесұлы zoom арқылы «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Мырзағалиевтың және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Н.Құрман, қалалық фракция жетекшісінің орынбасары Қ.Джаумбаевтың қатысуымен "Тұрғын үй беру кезегі және апатты үйлер мен жатақханаларды бұзу" тақырыбында онлайн режимінде партиялық тыңдау өткізді. Жиын барысында тұрғын үй кезегінің заңдылығы мен тұрғын үй жинақ банкі арқылы берілетін баспана алудың жаңа бағдарламалары барысында түсінік берілді.

0
0
192

"Елін сүйген Елбасы"

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді. Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді. Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ бал…

0
0
195

"Kitap Fest" атты кітап фестивалі өтті

Фестивальға кітапхана оқырмандары, оқушылар қатысты. Шарада ақын жазушылардың әдебиеттері таныстырылып, Абайдың көркем сөздері мен өлеңдері оқылды. Орыс классиктеріне көңіл бөлініп А.Пушкин, С.Есенин өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. Оқырман Алма Абдулова Абай Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін сазсырнайда орындап берді. Оқырмандарымыз Марат Нұрмақов жергілікті жазушы С.Санбаевтың "Аруана" кітабын, Бүршікова Әлия апаймыз Ә.Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы" романынан оқығанын тартымды жеткізіп, оқушыларға кітапты оқуға ұсынды. Ал, Жеміс Акимова кітапханашыларға жылы лебіздерін жаудырып рахметін айтты.

0
0
167

"Білім" бастауыш партия ұйымы кезектен тыс конференция өткізді

Күн тәртібінде:"Nur Otan" партиясы Мақат аудандық филиалының ХХХІІ конференциясына делегаттарды сайлау туралы.Күн тәртібі бойынша "Білім" бастауыш партия ұйымының төрағасы Тастаев Дулат Ғалымжанұлы "Nur Otan" партиясы Мақат аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына делегаттыққа "Білім" бастауыш партия ұйымының мүшелерін ұсынды.

0
0
104

"Мақат" бастауыш партия ұйымы жиналыс өткізді

Жиналысқа Мақат бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде: «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына «Мақат» бастауыш партия ұйымының мүшелерінен делегаттар ұсынылып, сайланды.

0
0
227