Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Kitap Fest" атты кітап фестивалі өтті

Фестивальға кітапхана оқырмандары, оқушылар қатысты. Шарада ақын жазушылардың әдебиеттері таныстырылып, Абайдың көркем сөздері мен өлеңдері оқылды. Орыс классиктеріне көңіл бөлініп А.Пушкин, С.Есенин өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. Оқырман Алма Абдулова Абай Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін сазсырнайда орындап берді. Оқырмандарымыз Марат Нұрмақов жергілікті жазушы С.Санбаевтың "Аруана" кітабын, Бүршікова Әлия апаймыз Ә.Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы" романынан оқығанын тартымды жеткізіп, оқушыларға кітапты оқуға ұсынды. Ал, Жеміс Акимова кітапханашыларға жылы лебіздерін жаудырып рахметін айтты.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

"Kitap Fest" атты кітап фестивалі өтті - Yvision.kz