Мазмұнға өту

Жаңа

«Тұңғыш Президент» тақырыбына дайындалған месседжін тарату апталығы

Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы әлеуметтік желілерде «Тұңғыш Президент» тақырыбына дайындалған месседжін тарату апталығын бастап кетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарық көрген әрбір мақаласы танымдық және тарихи сипаттамасы жағынан өте тыңғылықты жазылған дүниелер. Ол кісінің сарабдал саясаты Қазақстанның даму үрдісінің басты тетігі.

0
0
116

Еркеш Ибраһимнің 90 жылдығына орай «Елінің ерке Еркесі» атты әдеби кеш

Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы жазушы Еркеш Ибраһимнің 90 жылдығына орай «Елінің ерке Еркесі» атты әдеби қонақжайына қатысып, әдебиет майталманының шығармалары туралы пікірлер айтты. Онлайн түрде өткізілген әдеби кеш өте танымды болды.

Ебекенов Еркеш (Ибраһим Еркеш) (1930–1986) - 7 қарашада Ақмола облысының Балхашино селосында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Бірқатар жылдар Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. Сосын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Көкшетау облысы бойынша, бірқатар жыл Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болды. Ондаған жыр жинақтарының авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған.

0
0
353

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру - партияның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру - партияның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдағы белсенді позициясы» әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізілді.

0
0
105

Zoom арқылы,онлайн кездесу.

Кәсіподақ ұйымдары мен еңбек ұжымдары арасында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдемелер турасында Zoom арқылы,онлайн кездесуді Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы ұйымдастырып, екеуара модератор міндетін атқарды. Аталған жиында екі тарап та өз пікірлерін ортаға салып, азаматтар бірнеше сұрақтар қойды. Жалпы мұндай онлайн жиналыстардың болып тұруы қоғамның өз құқықтарын білу және аңғаруы үшін үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

0
0
123

«Ең үздік Бастауыш Партия Ұйымы» атты онлайн челедж өткізілді.

Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының онлайн нұсқада Тұңғыш Президент күніне орай арнайы ұйымдастырылып отырған Қорғалжын ауданы бойынша «Ең үздік Бастауыш Партия Ұйымы» атты онлайн челедж өткізілді.

0
0
122