Zoom арқылы,онлайн кездесу.
Кәсіподақ ұйымдары мен еңбек ұжымдары арасында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдемелер турасында Zoom арқылы,онлайн кездесуді Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы ұйымдастырып, екеуара модератор міндетін атқарды. Аталған жиында екі тарап та өз пікірлерін ортаға салып, азаматтар бірнеше сұрақтар қойды. Жалпы мұндай онлайн жиналыстардың болып тұруы қоғамның өз құқықтарын білу және аңғаруы үшін үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
