Жаңа
«Елбасы - ел тірегі, жасұрпақ - ел білегі»
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы - ел тірегі, жасұрпақ - ел білегі» тақырыбында эссе жазудан онлайн конкурс болып өтті.




Акция "Біз біргеміз!"
Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың съезде сөйлеген сөзінен
Партия жаңа мүшелермен толықты
"Nur Otan " партиясы Кентау қалалық филиялы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Елбасының елге сіңірген ерен еңбектерін сөз етіп, еліміздің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға екендігін жеткізді. Сондай-ақ, партия қатарына қабылданған азаматтарға салтанатты түрде партия билеттерін табыс етті. Олардың қатарында кәсіпкерлер, педогогтар, жас көшбасшылар бар.
"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.
Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді.
