Партия жаңа мүшелермен толықты
"Nur Otan " партиясы Кентау қалалық филиялы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Елбасының елге сіңірген ерен еңбектерін сөз етіп, еліміздің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға екендігін жеткізді. Сондай-ақ, партия қатарына қабылданған азаматтарға салтанатты түрде партия билеттерін табыс етті. Олардың қатарында кәсіпкерлер, педогогтар, жас көшбасшылар бар.
