Неймар Сауд Арабиясынан кетуге шешім қабылдап, жаңа клуб таңдады
Футболдан «Әл-Хилал» және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Сауд Арабиясы чемпионатынан кетуі мүмкінНеймар 2026 жылы өтетін келесі әлем чемпионатына дайындалу үшін келесі маусымның соңында бразилиялық «Сантосқа» оралады.Неймардың айналасындағылар оның Аль-Хилалмен төрт жылдық емес, бір жылдық келісімшартқа қол қойғанын алға тартады. Сондай-ақ Неймар Сантосқа 2026 жылғы әлем чемпионатының басталуына бір жыл қалғанда клубқа оралу туралы өтінішпен жеке хабарласқаны хабарланды.Бұған дейін Неймардың «Әл-Хилал» клубының бас бапкері Хорхе Жезуспен төбелесіп, саудиялық клуб басшылығынан отставкаға кетуін талап еткені хабарланған болатын. Алайда кейін бразилиялықтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.Естеріңізге сала кетейік, Неймар жазғы трансферлік терезеде «Аль-Хилалға» ауысты. Осы маусымда ш…


