«Almaty City Games 2023»: 1600 асқан қатысушы, рэп-батл және спорттық би
Стритбол, чирлидинг, шахмат, шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен 1600 асқан қатысушы өз шеберліктерін көрсеттіЧемпиондар мен жүлдегерлер жеке біріншілікте және командалық түрлерде кубоктармен, медальдармен және грамоталармен және жағымды бонус – ақшалай сертификаттармен марапатталды. Жүлде қоры 2,5 млн теңгеден асты.Волейболда 1-ші орын иегерлері "Шекара академиясы", 2-ші орын "JMI" командасы, 3-ші орын "Алматы су" командасына бұйырды.Чемпиондарға – 150 мың теңге, 2 орынға – 100 мың теңге, ал 3 орынға – 70 мың теңге.18 жасқа дейінгі шахматшылар арасында мықты Мирас Асылов, одан әрі Мұхтар Айнақұл және Сырым Байтілеу бар. Ал аға-буын арасында (60 +) Марат Мурзин, Сабыр Сыздықов және Берік Тілеумбетов жеңімпаздар болды.Үстел теннисінен 12 жасқа дейінгі балалар арасында Лукьянченко…
