Мазмұнға өту

Жаңа

"Жастар-Отанға!" бағдарламасы

Қызылжар аудандық "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Сабыр Санжар жастармен онлайн кездесу өткізді. Негізгі тақырып "Біз — Қазақстанның болашағымыз" және "Жастар-Отанға!" бағдарламасын түсіндіру. «Жастар-Отанға!» – елі­міздің барлық жастарын қам­титын өте ауқымды бағдарлама. Бұл бағдарлама 5 бағыттан, яғни, азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орна­ластыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу бағыттарынан тұрады. Осы мақсатта атқарылатын жұмыстар 5 жыл қатарынан жүзеге асырылады. Жоба үздік отандық аналитиктер мен сая­сат­танушылардың қатысуы­мен, жастар мәселесіне қатыс­ты халықаралық ұйымдар және әлемдік үрдістер мен тәжіри­белерге сүйене отырып дайын­дал­ғанын айтып өтті.

0
0
136

Білім беру және медицина саласының қызметкерлерімен кездесу

Бүгін аудандық филиалдың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай "Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Оразғалиев білім беру және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.

Алдағы бес жылға өңірлерді дамыту бағдарламасы жөніндегі отырысы өткізілді

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық мәслихаты жанындағы депутаттық фракциясының онлайн трансляциямен алдағы бес жылға өңірлерді дамыту бағдарламасы жөніндегі отырысы өткізілді. Шараға ZOOM бейнебайланыс арқылы аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі С.Байтенова барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізді.

0
0
174

1 желтоқсан күні - Тұңғыш Президент күні

1 желтоқсан күні - Тұңғыш Президент күні. Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берудегі еңбегі ұшан-теңіз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні құтты болсын! #Elbasu. #Тұңғыш Президент.#Birinshi

0
0
166

«Өңірдің этномәдени бірлестіктерін дамыту мәселелерін талқылау» бойынша дөңгелек үстел өткізілді

"Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының мәжіліс залында онлайн трансляциямен «Өңірдің этномәдени бірлестіктерін дамыту мәселелерін талқылау» бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына «Марычка» - украин ұлттық мәдени орталығының, «Ізге-ай» татар мәдени орталығының, «Березка» орыс ұлттық мәдени орталығының жетекшілері қатысып,аудан бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Аталған шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізілді.

0
0
166

1 желтоқсан тұңғыш президент күні

1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау - тілектер Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін. #BIRINSHI #BIRINShI

0
0
202