"Жастар-Отанға!" бағдарламасы
Қызылжар аудандық "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Сабыр Санжар жастармен онлайн кездесу өткізді. Негізгі тақырып "Біз — Қазақстанның болашағымыз" және "Жастар-Отанға!" бағдарламасын түсіндіру. «Жастар-Отанға!» – еліміздің барлық жастарын қамтитын өте ауқымды бағдарлама. Бұл бағдарлама 5 бағыттан, яғни, азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу бағыттарынан тұрады. Осы мақсатта атқарылатын жұмыстар 5 жыл қатарынан жүзеге асырылады. Жоба үздік отандық аналитиктер мен саясаттанушылардың қатысуымен, жастар мәселесіне қатысты халықаралық ұйымдар және әлемдік үрдістер мен тәжірибелерге сүйене отырып дайындалғанын айтып өтті.
