Мазмұнға өту

Жаңа

Халықаралық мүгедектер күні

Бүгін халықаралық мүгедектер күні. Бұл дата Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.

0
0
171

Жастарымен кездесті

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының м.у.а Н. Ордаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қоғамдық сектор өкілдерімен, өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында Елбасының еңбек жолдары мен атқарған қызметтері туралы сөз қозғалып, 25 қараша «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезінде берген тапсырмаларына тоқталып, аталмыш шараларды іске асыруда пікір алмасып, ойларымен бөлісті.

0
0
132

Тоғызқұмалақшылар топ жарды

Абай ақынның 175 жылдығына орай тоғызқұмалақтан 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылы туған балалар мен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында өткізілген жекелей ашық онлайн турнирінде ойыншыларымыз жүлдегерлер сапынан көрінді. Play.ok сайтында өткен жарыс нәтижесі бойынша 2007-2008 ж.т жасөспірім қыздар арасында Сисенғали Рауан 2 орын иеленді. 2009-2010 ж.т жасөспірімдер арасында 3 орыннан Тілекқабылқызы Інкәр көрініп, Мыңбай Ақторғын 1 орын мен кубок иегері атанды. Ал ең жас тоғызқұмалақшы Нұржанқызы Інжу жеңіске деген жігерінің арқасында 1 орынды жеңіп алды. Барлық тоғызқұмалақшылар мен жаттықтырушы Күздеубаева Шынарды жеңісімен құттықтаймыз!

0
0
127

Жастар арасында шахматтан турнир өтті

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Маңғыстау ауылдық округінде жастар арасында шахматтан турнир өтті. Ізеттілік пен қайырымдылыққа негізделген мереке аясында ой өрісі мен ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор ойын түрінің қазіргі даму деңгейі жоғары екенін атап өткен жөн, көптеген халықаралық турнирлерде еліміздің көк туын биікке желбіретіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.

0
0
133

Әжемнің ертегілері: Шопан ата және диқан баба

Қымбатты оқырмандар біздерде сендерге керемет жаңалық. «Әжемнің ертегілері» айдары жаңа форматта шықпақшы. Енді сендердің назарларыңызға қаламыздың құрметті де, танымал адамдары өз ертегілерін, не дәстүрлі түрде қазақтың халық ертегілерін оқып ұсынады. Ең алғашқы айдарымыздың қоңағы жерлес мақтанышымыз белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург Ақылбек Шаяхметұлы. Тек өңірімізде ғана емес, республикаға да танымал жазушының балаларға арнап жазған өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштары өте көп. Бірнеше балаларға арнаған кітаптардың авторы және де оны өз мәтіндерін қазақ, орыс тілдерінде талантты жазатын әдебиетші деп те білеміз. «Шопан ата және диқан баба» ертегісі - қой түлегі Шопан ата мен ас атасы Диқан баба жайлы, сондай-ақ ертегіде «түлік төлден өседі», «астық дәннен өседі» мәтелін өте жақсы…

0
0
275