Тоғызқұмалақшылар топ жарды
Абай ақынның 175 жылдығына орай тоғызқұмалақтан 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылы туған балалар мен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында өткізілген жекелей ашық онлайн турнирінде ойыншыларымыз жүлдегерлер сапынан көрінді. Play.ok сайтында өткен жарыс нәтижесі бойынша 2007-2008 ж.т жасөспірім қыздар арасында Сисенғали Рауан 2 орын иеленді. 2009-2010 ж.т жасөспірімдер арасында 3 орыннан Тілекқабылқызы Інкәр көрініп, Мыңбай Ақторғын 1 орын мен кубок иегері атанды. Ал ең жас тоғызқұмалақшы Нұржанқызы Інжу жеңіске деген жігерінің арқасында 1 орынды жеңіп алды. Барлық тоғызқұмалақшылар мен жаттықтырушы Күздеубаева Шынарды жеңісімен құттықтаймыз!
