Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.Елбасымыздың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында егемен еліміз дамудың даңғыл жолымен келеді. Бұл мерекені біз бейбіт күнде бірлікпен атап өтіп, тәуелсіз Қазақстанның іргетасы қаланған сәттен бастап бүгінге дейін Елбасымен жүріп өткен шақтарымызды еске аламыз. Өзінің мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында еңбегі зор.…

