Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.

Елбасымыздың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында егемен еліміз дамудың даңғыл жолымен келеді. Бұл мерекені біз бейбіт күнде бірлікпен атап өтіп, тәуелсіз Қазақстанның іргетасы қаланған сәттен бастап бүгінге дейін Елбасымен жүріп өткен шақтарымызды еске аламыз. Өзінің мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында еңбегі зор. «Елім» деген Елбасының ерен еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі.

Сіздерді бүгінгі айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық, дендеріңізге саулық тілейміз! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы арта берсін!

«Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының ұжымы

#Birinshi

0
0
120

Осы тақырып бойынша

Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! - Yvision.kz