Жаңа
Мен биылғы Жолдауымда партияның қоғамдағы жетекші рөлі туралы айтамын
Сайлауалды қоғамдық штаб аппаратының отырысы болып өтті
Бүгін, «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалында сайлауалды қоғамдық штаб аппаратының отырысы болып өтті. Жиынды филиал төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Ө.Есенғазиев ашып жүргізді. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, үміткерлерге желілік кестесіне сәйкес үгіт –насихат жұмыстарын жүргізу тәртібімен штаб мүшесі, сенім білдірген адамның және мәслихаттың депутаттығына кандидаттың жадындамасы түсіндірілді

"Жарық-қала"
Қаланың негізгі көшелері бойынша жарықтандырылуы қанағаттанарлық емес дейгейде болып табылатын Сәтпаев көшесінің Жалын және Шұғыла ш/а аралығындағы учаскесі еді. Бұрын бұл аралыққа күн сәулесінен энергия алатын жарық шамдары қойылған, алайда олардың жарықтандыру көрсеткіші өте төмен, тәуліктің қараңғы кезінде көріну деңгейі нашар болатын. Қала көшелерін абаттандыру және жарықтандыру, жол жүрісінің, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Сәтпаев көшесінің осы бөлігін заманауи энергия үнемдегіш шамдармен жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмысқа қажетті материалдарды көше жарығы құрылысы жұмыстарының мердігері Айком ЛТД ЖШС-мен алып берсе, ауыстыру-жөндеу жұмыстарын көше жарығына техникалық қызмет көрсетуші Ақтаусервисқұрылыс ЖШС жасауда. Нәтижесінде қаламыздың орт…
Жаңаөзен қаласындағы медициналық колледжі жатақханасына мониторинг жүргізілді
Жаңаөзен қаласындағы медициналық колледжі жатақханасына мониторинг жүргізілді

Мониторинг жұмыстарына "Jas Otan” Жастар Қанатының төрағасымен белсенді жастардың өкілдері қатысты.

Жатақхана 44 орындық, жастар жиналатын ортақ холл, жуыну, кір жуу және ас бөлмесі бар. 2020 жылы жол картасы аясында жатақханаға ағымдағы жөндеуден өткен. Жатақхана толықтай жылумен қамтылған.
Біз Рухани Жаңғыру бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыра береміз
Әйелдердің қоғамдық-саяси қоғамдағы рөлі
Партиялық тізімдегі 20 пайыздық квота жас көшбасшыларды қолдаудың нақты тетігіне айналды
Елім деп соққан жүрегім
Алматы облысыныда партияның ардагерлер қауымдастығы "Елім деп соққан жүрегім" атты челленджін ұйымдастырып, ҚР Тұңғыш Президентінің ел дамуы жолындағы атқарған еңбегі жайлы бейнетүсірілімнен бөлісті

Тұңғыш Президент күні – Елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсететін күн. Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз.