Мазмұнға өту

Жаңа

Кентауда көркем гимнастикамен шұғылданушылар көбейді

Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастика эстетикалық мінез ережесін сақтауды оқытады, дене сұлулығы туралы түсінікті қалыптастырады.

Қазіргі таңда Кентаулық қыздардың көркем гимнастикаға деген қызығушылығы жоғары. Олардың көпшілігі бұл салада үлкен белесті бағындырған, даңқты жерлестері Әлия Жүсіпованың жолымен жүріп, еліміздің атын әлемге паш етуді мақсат тұтқан. Бүгін кентаулық жастар көркем гимнастиканың кереметтеріне тәнтті болды. Б.Саттарханов атындағы БЖСМ өткен мастер класста жастарға көркем гимнастиканың қыр-сыры түсіндірілді.

0
0
168

Инфрақұрылым жүйесін жақсарту мақсатындағы жұмыстарды таныстырды

"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып, қаланың инфрақұрылым жүйесін жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат берді.

0
0
122

Еңбек заңнамасы түсіндірілді

Онлайн өткен жиынға қалалық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымы төрағасы Марат Әлімбеков, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Қанат Бекметов күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңінен айтып өтті.

0
0
157

Қарақия ауданында «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Тұяқов Бауыржан Орынбайұлымен кездесу өтті.

Тұяқов Бауыржан "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның "Ноттингем" университетінде 2018 жылы білім алған.

Қазір елге оралып сол алған білімі бойынша қызмет атқарып жатырғанын айтты.

Кездесу барысында жастарға қазіргі заманда білім алудың қаншалықты маңызды және керекті екенін атап өтті.

Бауыржан Орынбайұлына алдағы жұмысына сәттілік тілейміз. Жастарымызға үлгі тұтарлық Сіз сияқты азаматтарымыз болғанына мақтан етеміз.

12
0
213

«Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесу өтті

Облыстың белсенді жастары «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесті. ⠀ Кездесу қонағы 30- жасында Британияның 3 топ университетінің құрамына кіретін «Лондон экономика және саяси ғылымдар» мектебіне бағдарлама арқылы оқуға түсіп, 2 жыл білім алады. ⠀ «30 жасымда еш ойланбастан бағдарламаға қатысуды жөн санадым. Сол уақытта «Қазақтелеком» АК Маңғыстау облысы бойынша филиалының орынбасары қызметінде едім. Отбасым болды. Бірақ, осылардың барлығын тастап шетелде білім алуды көздедім. Мақсатым орындалып, шетелде білім алдым. Елге оралып, алған білімім бойынша қызмет атқарып жатырмын» дейді Марат Себасов. ⠀ «Кездесу қатты ұнады. Кеш қонағымен танысып, ағалық ақыл-кеңесін алдым. Білім алу үшін ешқашан кеш емес екендігін түсіндім» дейді белсенді жас Усенов Ақылбек. #NurOtan #JasO…

12
0
742

Жаңаөзен қаласында "ECO-ALEM” үстел ойыны өтті

"ECO-ALEM” ойыны үстел басына жастардың басын қосып, еркін пікір алмасуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жастар арасында экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.

Ойын экологиялық білім мен дағдыларды, патриоттық сезімін, өз жеріне, өз ауылына, қаласына деген махаббатты қалыптастыруға, сондай-ақ экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған.

11
1
1035

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың басында өтетін Президенттік кадр резервінің екінші іріктеуіне дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Іріктеуден 50 адам өтеді. Анар Жайылғанова үміткерлерге қойылатын критерийлер мен біліктілік талаптарының күшейтілгені туралы айтты. Резервті жасақтау кезінде қоғамдық мүдделерді негізге алатын тұлғаларға басымдық беріліп, өзгерістер жөнінде нақты тәжірибесі бар заманауи басшыларды анықтауға мән беріледі.

Толығырақ: 🔗 http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/kazakstan-prezidenti-memlekettik-kyzmet-isteri-agenttiginin-toragasy-anar-zhaiylganovany-kabyldady-3

0
0
148

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Премьер-Министр Президентке 29 қараша күні клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Асқар Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады.

Толығырақ: 🔗 http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/memleket-basshysy-premer-ministr-askar-mamindi-kabyldady-4

0
0
166