Кентауда көркем гимнастикамен шұғылданушылар көбейді
Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастика эстетикалық мінез ережесін сақтауды оқытады, дене сұлулығы туралы түсінікті қалыптастырады.
Қазіргі таңда Кентаулық қыздардың көркем гимнастикаға деген қызығушылығы жоғары. Олардың көпшілігі бұл салада үлкен белесті бағындырған, даңқты жерлестері Әлия Жүсіпованың жолымен жүріп, еліміздің атын әлемге паш етуді мақсат тұтқан. Бүгін кентаулық жастар көркем гимнастиканың кереметтеріне тәнтті болды. Б.Саттарханов атындағы БЖСМ өткен мастер класста жастарға көркем гимнастиканың қыр-сыры түсіндірілді.
