Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Жарғылық құжатқа партияның партияішілік сайлау – праймериз өткізу туралы норма енгізілді.«Съезд қаулысымен партия Жарғысының 2.4-тармағы енді мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылды: праймеризді – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидат етіп ұсынуға үміткерлерді алдын-ала партияішілік іріктеуді өткізу», - делінген хабарламада.Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, Съездің қаулысымен 2013 жылы қабылданған Саяси доктрина «Nur Otan» партиясының Саяси тұғырнамасына өзгертілді.Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, партия жұмысын «қайта жандандыруды» ескере отырып, Съездің қаулысымен 2013 жылы қабылданған Саяси доктрина «Nur Otan» партиясының Саяси тұғырнамасы…