Мазмұнға өту

Жаңа

Бастауыш партия ұйымында партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау бойынша жиналыстар

Бүгін "Nur Otan" партиясы Белағаш ауылдық округінің бастауыш партия ұйымында партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау бойынша жиналыстар өтті. Партия мүшелері партиялық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мәселелерін қарастырды. Сегодня, в первичной партии "Nur Otan” Белагашского сельского округа прошла собрания по соблюдению кодекса этики членов партии. Партийцы рассмотрели вопросы соблюдения партийной дисциплины, недопущения фактов коррупционных проявлений.

1
0
150

БПҰ "Партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау туралы" тақырыбында жиналыстар өткізілді.

Бүгін аудандық партия филиалына қарасты барлық бастауыш партия ұйымының ғимараттарында партия мүшелерімен "Партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау туралы" кездесулер өткізілді. Жиналыс барысында партия қатарындағы әрбір мүше өзінің моральдық-этикалық нормаларын сақтай отырып, партия қатарында жүріп өзінің басты құндылығы - еліне қалқысыз қызмет ету қағидаларын да дұрыс ұстануы керектігі айтылуды. Этика кодексі Мемлекет басшысы ұстанған саясатты жүргізу шеңберінде заңды қадірлеу, еліміздің патриоты болу, қатаң тәртіп пен қарапайым әдептен аспау секілді оң әрекеттерді қарастырады. Сонымен қатар "Nur Otan" партиясының Жарғысына және Доктринасына сәйкес партия мүшелерінің міндеттері айтылып, оның ішіндегі бірнеше бөлімдер қамтылды.

0
0
129

"Тұңғыш Президент - дәуір адамы"

"Nur Otan" партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Тұңғыш Президент - дәуір адамы" атты іс шарасы өтті. Елбасы, Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап партия ардагері, Қоғам қайраткері Тұржан Серікбай Дәулетұлы, аудандық мәслихат депутаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық Кеңесінің төрағасы Елеусіз Алмас Байзақұлы, "Бәйдібек несие" басқармасының директоры Әбілдабек Жазылбек Әбілдабекұлы және ауданымыздың БАҚ өкілдері қатысты. Іс шарада ауданымыздың мәдениет үйі өнерпаздары ән шашуын шашып, мерекеге арнап ән шырқады. Президент күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

#NurOtan

#Baidibek

0
0
165

Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік құттықтау.

Бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні құтты болсын. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын! - ДЕДІ БЕЛСЕНДІ ЖАС.Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! - ДЕДІ "іЗГІ ЖҮРЕК" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ қ.сабановТОЛЫҒЫРАҚ: https://fb.watch/2dJ…

0
0
208