Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік құттықтау.

Бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні құтты болсын. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын! - ДЕДІ БЕЛСЕНДІ ЖАС.

Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! - ДЕДІ "іЗГІ ЖҮРЕК" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ қ.сабанов

ТОЛЫҒЫРАҚ: https://fb.watch/2dJ2_ptCtT/

0
0
187

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік құттықтау. - Yvision.kz