«Ауыл - Ел бесігі» ұлттық жобасы аясында рейд
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы27 ақпандағы «Nur Otan» партиясыныңXVIII съезінде сөйлеген сөзінде мына мәселе қаралған болатын. Еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастырып «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын.Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен партиялық бақылау коммисиясының төрағасы Е.Жабаев, Аудандық ТКШ (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) мамандарымен және белсенді партия мүшелері «Ауыл - Ел бесігі» ұлттық жобасы аясында рейд жүргізді. Коммисия мүшелері Зертас ауылдық округі Құрманғазы, Р.Нұрмаханбетов көшелеріндегі автомобиль ж…