«Ауыл - Ел бесігі» ұлттық жобасы аясында рейд
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы27 ақпандағы «Nur Otan» партиясыныңXVIII съезінде сөйлеген сөзінде мына мәселе қаралған болатын. Еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастырып «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын.

Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен партиялық бақылау коммисиясының төрағасы Е.Жабаев, Аудандық ТКШ (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) мамандарымен және белсенді партия мүшелері «Ауыл - Ел бесігі» ұлттық жобасы аясында рейд жүргізді. Коммисия мүшелері Зертас ауылдық округі Құрманғазы, Р.Нұрмаханбетов көшелеріндегі автомобиль жолдарына тексеру жүргізіп, ауыл тұрғындарымен тілдесті. Олардан жолдың қазіргі жай-күйі, сапасы,жөнінде сөз қозғап, сұрақтарына жауап берді.

Рейд барысында белгілі болғандай, Көксәйек ауылдық округіндегі 9 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілген, Зертас ауылдық округінде 4 көше жөндеу көрген. Көксәйек аудандық ауруханасының қосымша ғимараты күрделі жөндеуде өтуде.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы», жол саласы бойынша нысандарға зертхана қорытындылары алынып, мердігерлерге тапсырылды.
