Мазмұнға өту

Жаңа

"Ауыл - ел бесігі" партиялық жобасы аясында онлайн кездесу өтті

"Ауыл - ел бесігі" партиялық жобасы аясында республикалық "Дипломмен - ауылға!" бағдарламасына қатысушы Амангелдиева Жаңылсын Қуандыққызымен партияның белсенді жастары онлайн кездесу өткізді.

0
0
159

«Балалар үйі» бастауыш партия ұйымымен «Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері»

Бүгін «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы «Балалар үйі» бастауыш партия ұйымымен «Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Балалар үйі» бастауыш партия ұжымы қатысушылары пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Онлайн форматта өткен бұл кездесуге қатысқан ұжым мүшелері карантиндік шаралар жағдайында «Балалар үйі» бастауыш партия ұжымының жұмысымен таныстырды. Алдағы уақытта осы аталмыш мекеме, қызметкерлерінің бастамаларына «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалымен бірлесіп жауап беріп, қол ұшын созуға барынша ат салысатын болады.

Түркістан түркі әлемінің бесігі!

Өзінің 1500 жылдық тарихы бар Түркістан – көне заманда Шауғар деп атанған. Ұлы Жібек жолының бойында, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан ежелгі қала. Сол заманда шаһарға тырнадай тізілген қоңыраулы керуендер Батыстан да, Шығыстан да ағылып келіп жататын болған. Түркістан қаласын Әзербайжанның Шеки қаласында өткен «ТҮРКСОЙ» тұрақты кеңесінің 34-отырысында Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекітті. Бұның өзі жайдан-жай болған жоқ.Қазақстан Республикасы тарапынан әлемдік мұраның әуелгі тізіміне алғаш ұсынған ескерткіш – Қожа Ахмет Йасауи кесенесі болды. Әлемдік мұра комитеті өзінің Парижде 2003 жылдың 30 маусым – 5 шілде аралығында болған 27-сессиясында Қожа Ахмет Йасауи қатарына «әлемдік мұра тізіміне» қосты. Бұл- тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша түркі х…

0
0
415

Партия этикасын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні "Ұзынкөл" БПҰ-ның жыл ішінде атқарған жұмыстарын талқылып, алдағы уақытта партия мәртебесін одан әрі арттыру мақсатында партия этикасын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0
0
143

Ұлы даланың жеті қыры

Аудандық партия филиалының Саяси кеңесі мүшесі С.Садықбаев "Аралқұм" бастауыш партия ұйым мүшелерімен партиялық әдеп кодексін талқылаумен қатар, "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбында ой бөлісті.

0
0
107

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кәсіпке баулу

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Партия активі мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кәсіптік оқыту тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

«Кедергісіз келешек» жобасы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын арттыруға, оның ішінде тұрақты жұмыс орндарына жұмысқа орналастыруға, кедергісіз орта құруға, мүгедек жанның құқығын тиімді жүзеге асыру үшін құқықтық кеңестік қалыптастыруға мақсат етілді.

0
0
155