Түркістан түркі әлемінің бесігі!
Өзінің 1500 жылдық тарихы бар Түркістан – көне заманда Шауғар деп атанған. Ұлы Жібек жолының бойында, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан ежелгі қала. Сол заманда шаһарға тырнадай тізілген қоңыраулы керуендер Батыстан да, Шығыстан да ағылып келіп жататын болған. Түркістан қаласын Әзербайжанның Шеки қаласында өткен «ТҮРКСОЙ» тұрақты кеңесінің 34-отырысында Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекітті. Бұның өзі жайдан-жай болған жоқ.Қазақстан Республикасы тарапынан әлемдік мұраның әуелгі тізіміне алғаш ұсынған ескерткіш – Қожа Ахмет Йасауи кесенесі болды. Әлемдік мұра комитеті өзінің Парижде 2003 жылдың 30 маусым – 5 шілде аралығында болған 27-сессиясында Қожа Ахмет Йасауи қатарына «әлемдік мұра тізіміне» қосты. Бұл- тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша түркі х…