Мазмұнға өту

Жаңа

Атырау қалалық сайлауалды Штабы ашылды.

Атырау қалалық сайлауалды Штабы ашылды. Штаб құрамына 19 адам кірді. Бұл біздің қала тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына кандидат 8 мүше бар. Штаб жанынан біздің өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған біздің «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ біздің жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары да кіреді.

0
0
182

Хайруллиев Мұса Қарашаұлы қала тұрғындарын қабылдады.

Атырау қалалық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық кандидат Хайруллиев Мұса Қарашаұлы қала тұрғындарын қабылдады. Кандидат қабылдау барысында партияның сайлауалды бағдарламасын азаматтар арасында түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін қабылдады.

0
0
185

11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті

2020 жылдың 11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті. Салтанатты жиында Алматы облыстық, аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар, штаб мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. «Nur Otan» партиясы Сайлау науқанында қызмет атқаратын штаб мүшелігіне 11 адам және 24 сайлау учаскелеріндегі сенімді өкілі болып бекітілді. Жасақталған 66 сенімді өкілдің тізімі аудандық сайлау комиссиясына тіркеліп, куәліктері алынды. Сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде қызмет ететін 52 еріктілермен толықты. Сонымен қатар 10 желтоқсаннан бастап штаб қызметкерлері үгіт-насихат кезеңінің жұмыстарын бастады. Жиынға арнайы шақырылған «Nur Otan» партиясының сенімді өкілі партия ардагері, Ахметов Қанат кандидаттар мен штаб мүшелеріне…

0
0
141

«АтырауСуАрнасы» ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Джаумбаев Қ.Е., Шораев С.Е., Адиева А.Д. «АтырауСуАрнасы» ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесу барысында 2025 жылға дейінгі 7 нақты міндеттер қамтылған партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді.

0
0
157

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!Күні кеше «Nur Otan» партиясында бейнебайланыс арқылы Ре...

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!Күні кеше «Nur Otan» партиясында бейнебайланыс арқылы Республикалық сайлауалды штабтың отырысы өтті. «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек одан басқа 216 өңірлік сайлауалды штабтың жұмысына 7 мыңға жуық еліміздің белгілі және белсенді азаматтары тартылатынын атап өтті. Осыған орай бүгін Қордай ауданында да сайлауалды штабтың алғашқы отырысы өтіп, оған штаб құрамына кірген ауданның ардагерлері, түрлі салалардың өкілдері қатысты.Айта кетсек, аталмыш штабты «Nur Otan» партиясы, Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай бастап, оның құрамына 61 адам кірді. Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Республикалық штаб мүшелері үгіт науқаны шеңберінде сайлауш…

7
0
297

Теректі аудандық сайлауалды қоғамдық штабы өз жұмысын бастады

Бүгін Теректі аудандық сайлауалды қоғамдық штабы осындай ұранмен өз жұмысын бастады.

Штаб басшысы Мирхат Ибраев штаб мүшелерімен алғашқы лездеме өткізіп, сайлау науқанын абыройлы өткізуге шақырды. Сонымен қатар алдағы жұмыс барысын талқылады.

«Преодолев испытания, победим вместе!»

Сегодня под этим девизом в Теректинском районе начал работу районный избирательный общественный штаб.

Руководитель штаба Мирхат Ибраев провел собрание с коллективом и призвал достойно провести избирательную кампанию. Также они обсудили предстоящую работу.

10
0
186

Қоғамдық қабылдау!

Құрметті аудан тұрғындары!

2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында Теректі аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық партиялық тізімдегі кандидаттар азаматтарды қашықтықтан қабылдайды.

Қабылдауға жазылу 23-2-98, 8-705-965-35-24 телефондары арқылы

9
0
200