11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті
2020 жылдың 11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті.


Салтанатты жиында Алматы облыстық, аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар, штаб мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
«Nur Otan» партиясы Сайлау науқанында қызмет атқаратын штаб мүшелігіне 11 адам және 24 сайлау учаскелеріндегі сенімді өкілі болып бекітілді. Жасақталған 66 сенімді өкілдің тізімі аудандық сайлау комиссиясына тіркеліп, куәліктері алынды. Сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде қызмет ететін 52 еріктілермен толықты. Сонымен қатар 10 желтоқсаннан бастап штаб қызметкерлері үгіт-насихат кезеңінің жұмыстарын бастады.
Жиынға арнайы шақырылған «Nur Otan» партиясының сенімді өкілі партия ардагері, Ахметов Қанат кандидаттар мен штаб мүшелеріне сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Жалпы жиынға қатысушыларға сайлауалды штабының жұмысы таныстырылды.
