Тікелей эфир Мусабаев Самат Базарбайұлының инстаграм және фейсбук парақшаларында өтеді.
Эфир кезінде үміткерге ұсыныстарыңызды айтуға немесе сұрақтарыңызды қоюға болады.
Эфир кезінде үміткерге ұсыныстарыңызды айтуға немесе сұрақтарыңызды қоюға болады.
Қабылдаулар партияның сенімді өкілдері мен партиялық тізімге енген кандидаттармен 2020 жылғы 11 желтоқсаннан 2021 жылғы 08 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Назарларыңызға «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының азаматтарды қабылдау кестесін ұсынамыз. Елімізде короновирус індетінің таралуын алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қабылдау онлайн форматта жүргізіледі.
Төмендегі көрсетілген байланыс телефондары бойынша қабылдауға алдын ала жазылуыңызды сұраймыз
8 (7292) 42 97 37, 8 778 387 46 43
Марқакөл ауылдық округі, Марқакөл ауылында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кандидаттыққа үміткер Л.О.Кемешева, Б.А.Иқамбаев сайлаушыларға таныстырды. «Nur Otan» партиясының бағыты- тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатындығы жөнінде және Күршім ауданының сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығын атап көрсетіп, слайд арқылы дәйекті түрде жеткізді.
Елімізде сайлауалды үгіт насихат кезеңі 2020 жылдың 10 желтоқсан күні кешкі сағ 18.00-ден басталды. Осы ретте, Марқакөл ауылдық округіндегі «Nur Otan» партиясының штабы насихатшы топпен үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.
Жиын соңында сайлаушылардың жеке пікірлері тыңдалды.
Сайлау комиссияларында 244 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелді. Оның ішінде облыс бойынша 49, Мәжіліске 3, аудан, қалалар бойынша 195 кандидат тіркелді.Партия басшылығының тапсырмасы бойынша өңірде сайлауалды Штаб құрылды. Штаб құрамына 70 адам кірді. Олар өңір тұрғындары арасында беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 49 кандидат. Штабтың барлық мүшелері сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие.Сонымен қатар Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша желілік кесте қабылданып бекітілді. Партияның аймақтық филиалы басшылығының қатысуымен 465 іс–шара, 58 көшпелі іс – шара өткізуді, 98 917 адамды қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 283 тікелей және 182 онлайн форматтағы кездесулер. Бұл рет…
ҚР Мәдениет қайраткері, актер Қайрат Мырзаболатов пен актриса, ұстаз Жанар Құсайынованың отбасы Nur Otan партиясына қолдау білдірді

https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2787480308135399


Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентіне кандидат Нұрымова Гүлдара Алданышқызы «Есіктен-есікке» акциясы аясында Бауыржан Момышұлы,Көлбастау ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция барысында еңбек ардагері, Батыр ана және көп балалы отбасылардың ұсыным-тілектерін тыңдап, сайлау науқанында дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Партия басшылығының тапсырмасы бойынша біздің аймақтық сайлауалды Штаб құрылды. Штаб құрамына 883 адам кірді. Бұл біздің өңір/қала тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 495 кандидат.Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.
https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2787459924804104
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Асемов Мұхамеджан Тұрсынбайұлы Қайрат ауылының белсенді жастарымен «Zoom» платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентіне кандидат Нұрымова Гүлдара Алданышқызы Көлбастау ауылында өнер майталмандары, еңбек ардагері, Тұрғынбеков Мұхтар Икрамбайұлының отбасында болып, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарға тоқталып, «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» деп сөзін қорытындылады. Мұхтар Икрамбайұлы өзінің өнегелі әңгімесін өрбітіп, Елбасы партиясына әркезде де «жақстас» екендігін жеткізді.