Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Марқакөл ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Марқакөл ауылдық округі, Марқакөл ауылында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кандидаттыққа үміткер Л.О.Кемешева, Б.А.Иқамбаев сайлаушыларға таныстырды. «Nur Otan» партиясының бағыты- тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатындығы жөнінде және Күршім ауданының сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығын атап көрсетіп, слайд арқылы дәйекті түрде жеткізді.

Елімізде сайлауалды үгіт насихат кезеңі 2020 жылдың 10 желтоқсан күні кешкі сағ 18.00-ден басталды. Осы ретте, Марқакөл ауылдық округіндегі «Nur Otan» партиясының штабы насихатшы топпен үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.

Жиын соңында сайлаушылардың жеке пікірлері тыңдалды.

0
0
123

Осы тақырып бойынша

Марқакөл ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстары басталды. - Yvision.kz