Мазмұнға өту

Жаңа

Аға ұрпаққа қамқорлық

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында біз медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасаймыз.

Барлық жалғыз басты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі.

Біз ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке индексация жүргіземіз.

Зейнетақыны ресімдеу мен тағайындау жөніндегі барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіріле отырып, электронды түрде көрсетілетін болады.

Қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады.
Әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайтуды жақсарту мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады.

«Еңбек ардагері» санаты зейнеткерлік жасқа толған және мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтармен толықтырылады.

1
0
190

Болашағына сенімді жастар

Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі болуы тиіс. «Jas Otan» жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» бағдарламасын әзірледі, онда жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша 100 нақты шара қамтылған. «Nur Otan» партиясы алға қойылған міндеттерді іске асыруға жәрдемдеседі.


Баршаға қолжетімді білім

Біз сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке көбейтеміз. 

2025 жылға қарай жастардың барлығы колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алатын болады.

Біз 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту шараларын қолға аламыз.

Өмір бойы үздіксіз білім алу мүмкіндігі және білім берудің барлық кезеңінде цифрлық сауаттылықты арттыру қамтамасыз етіледі.

Барлық жоғары оқу орындары мен колледждердің бағдарламалары жаңартылып, кәсіпкерлік, экологиялық, мәдени білім негізі бойынша жаңа пәндер енгізіледі.

Тиімсіз білім беру мекемелері жабылады.

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақылары 2 есе, магистранттар мен докторанттардікі 1,5 есе өседі.

Жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлінеді.

2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кем дегенде 50 мың жаңа орын беріледі.

Формальды емес білім берудің баламалы нұсқаларын дамыту және нәтижелерін тану үшін заңнамалық шаралар қабылданады.

Жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету

Жылына шамамен 5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады.

Жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға жыл сайын 10 мың грант беріледі. 30 мыңнан аса жас «Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде өз бизнесін ашу дағдыларын үйренеді.

«Жасыл Ел» жобасының шеңберінде 30 мың жас, оның ішінде 10 мың ауыл жастары жыл сайын жазғы мезгілге жұмысқа орналастырылады.

Біз ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға және оларды тұрақтандыруға қажетті жағдай жасаймыз.
2025 жылға қарай оқымайтын және жұмыспен қамтамасыз етілмеген жастардың саны 380 мың адамнан 280 мың адамға дейін қысқарады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға кредиттер беріледі.

Жыл сайын сұранысқа ие мамандық бойынша жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін 3 мың үй төмен пайызбен ұсынылады.

Өңірлер деңгейінде жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу бойынша қосымша бағдарламалар әзірленеді.

Жастарды қоғамдық өмірге қатыстыру

Біз жастар ұйымдарының жобаларына және еріктілер қозғалысын дамытуға арналған гранттарды қаржыландыруды 1,5 есеге көбейтеміз.

Жастар әскери-патриоттық тәрбиемен, оның ішінде әскери-спорттық іс-шараларды өткізу жолымен қамтылады.

Партиялық тізімдердегі жастар үлесі кем дегенде 20%-ті құрайды.

1
0
486

Бақытты балалар

2025 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 95% мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз етіледі.

Бала-бақшаға кезекке қою тәртібі толығымен цифрландырылады. Ата-аналарға «балаға қаражат» принципі бойынша кез-келген бала-бақшада орын таңдау үшін ваучерлер беріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды ерте жасынан бастап әлеуметтік ортаға бейімдеуге, оларды мектепке даярлауға бағдарланады.

Балаларға сапалы білім беру

2025 жылға қарай біз 800 жаңа мектепті салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептердің проблемасын түбегейлі шешеміз, сондай-ақ барлық мектептерді мұғалімдермен 100% қамтамасыз етеміз.

Бірыңғай білім беретін онлайн-платформа енгізіліп, барлық ауыл мектептері жоғары жылдамдықтағы Интернетке қосылады, қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының айырмашылығы қысқарады.

Дарынды балаларды, оның ішінде ауылдық жерлердегі қабілетті балаларды анықтау мен қолдау жұмысы жалғасады, оларға еліміздің мамандандырылған мектептерінде оқу мүмкіндігі беріледі.

Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және ірі аудан орталықтарында спорт секциялары ашылып, «балалар үйірмелері» қайта жаңғырады.

Барлық мектептерде спортпен айналысуға жағдай жасалады.

Әрбір мектепте пәндік кабинеттер ашылып, әрбір сынып Интернетке қосылады.

«Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі.

Сапасыз оқулықтар проблемасы толығымен шешіледі.

Мұғалімдердің еңбек ақысы 2 есе өсіп, 2024 жылға қарай орта есеппен 330 мың теңгені құрайды.

Балалардың құқықтарын қорғау

Балаларды буллингтен, интернет-бұзақылықтан, жыныстық қылмыстардан және өз-өзіне қол жұмсаудан қорғау бойынша шаралар қабылданады.

Балаларға қатысты сексуалдық сипатта жасалған қылмыстар үшін рақымшылық жасау және мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жаза шаралары қатаңдатылады.

Қазақстан балалардың құқықтары бұзылған жағдайда хабарлау рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылады.

Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерінде балаларды күтіп-бағу жағдайларына мониторинг жүргіземіз.

Барлық балаға тең мүмкіндіктер

Біз мүгедектігі бар балаларға арналған орталықтарының санын арттырамыз.

Барлық колледждер мен ЖОО-да, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердың 70%-де инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалады.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық және коррекциялық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыс енгізіледі.

Мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған балалар – мүгедектігі және асыраушысынан айырылғаны бойынша екі жәрдемақыны бір уақытта алады.

Жетім жасөспірімдер балалар үйінен шығарылғаннан кейін жұмыспен және үймен қамтамасыз етіледі.

0
0
242

Табысты әйелдер

Әйелдерді өкілдік етуші органдарға ұсыну үшін «Nur Otan» өзінің партиялық қатарына кем дегенде 30% әйелдерді қосады.

Атқарушы, өкілді, сот органдары басшылығындағы және квазимемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесі 30%-ке дейін ұлғаяды.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бизнесті қолдау бағдарламаларының шеңберінде жеңілдікпен кредиттер және гранттар беру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру орталықтары ашылады.

Өңірлер, қалалар мен аудандар бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтерге, түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік шегінде гендерлік қажеттіліктер мен сұраныстар картасы әзірленеді.

Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстар тізімін жою үшін заңдарға өзгерістер ұсынылады.

0
0
258

«Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында үгіт-насихат жүргізуі

Осы іс-шараға қатысқан үміткерлердің айтуынша, қонақтармен әңгіме барысында жас толқын да, аға буын өкілдері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына оң көзқараспен қарайтының айтты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
270

Отбасы бақуаттылығы

Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады.

Біз отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеміз.

Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізіледі. Осы мақсатқа 3 триллионнан астам теңге  бөлінеді.

Экономиканың өсу сапасының негізгі көрсеткіші ретінде қазақстандықтардың табысы мен өмір сүру деңгейінің артуы қарастырылады.

Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарын табысы жоғары қандай құралдарға салу керегін өзі шешетін болады. 

Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау процестері цифрландырылады, азаматтың цифрлық «әлеуметтік әмияны» енгізіледі. Бұл өтінімдердің берілуін жеңілдетіп, көмекті тағайындау айқындылығын қамтамасыз етеді.

Біз тұтынушылық несиелер бойынша шекті ставкаларды төмендетуді, несиелік ұйымдардың жауапкершілігін күшейтуді қолдаймыз.

Қазақстандық отбасылардың (көп балалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған) экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, отбасылық жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Азаматтарды әлеуметтік қолдаудың барлық шараларының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін бірыңғай Әлеуметтік кодекс әзірленеді.

Отбасының тұрғын үй мәселелерін шешу

2021 жылдан бастап азаматтар өзінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй алуға, денсаулығын жақсартуға және білім алуға пайдалана алады.

5 жыл ішінде 977 мың отбасыға, оның ішінде 284 мың көп балалы және күнкөрісі кедейлік шегінен төмен отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, жетім балаларға арналған 103 млн. шаршы метр тұрғын үй беріледі.

«Отбасы Банк» негізінде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірыңғай орталығы құрылады. Бұл ретте осы орталық аясында кезекте тұрған азаматтардың жалпы базасы қалыптастырылады, мүліктері мен активтерін ескере отырып, азаматтарды кезекке тұрғызу іске асырылады.

Мемлекет кәсіпкерлерді құрылыс шығындарын субсидиялау арқылы ауылдық жерлерде жалдамалы тұрғын үй салуға ынталандырады.

Отбасы институтын нығайту

Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру жалғасады.

Ұрпақ өрбіту бойынша денсаулығында дерті бар отбасыларға экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) шарасын жүргізуге жыл сайын 7 мың квота бөлінеді.

Біз мектептің де, ата-аналардың да балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін күшейтуге серпін беретін мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматына өтеміз.
Мектептерде балалардың тұрақты психоэмоционалдық және жан-жақты дамуын қалыптастыру бойынша бағдарламалар енгізіледі.

Әрбір қалада және ауданда Отбасын қолдау, отбасылық дауларды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша мекен-жай беру орталықтары ашылады.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданып, отбасылық соттар құрылады.

Біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін қатаң шаралар қолданамыз.

Қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар мен балаларға атаулы көмек көрсету үшін «Шұғыл қызмет 111» жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылады.

0
0
249

Үгіт-насихат аясында ҚР Мәжілісіне үміткерлер "Сарыарқа" сауда орталығының әкімшілігімен кездесті

Қазіргі таңда сенбі күні орталықтардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Үгіт-насихат аясында "Сарыарқа" сауда орталығында "Jas Otan” Жастар қанатының волонтерлері жұмыс жасайды, сол жерде орталыққа келушілер өз ұсыныстарын қалдыра алады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
231

Елбасы басшылығымен өткен жол: Қазақстанның басты 10 жетістігі

Бірінші – Қазақстанның айналасына «тату көршілік белдеуі» түзілді. Әлем бізді бұрын танымайтын. Шекарамыз шегенделмеген еді, бұл еліміздің аумақтық тұтастығына тікелей қауіп төндірді. Алғаш рет біз еліміздің құрлықтағы 13,4 мың шақырым және судағы 2,3 мың шақырым шекарасын халықаралық келісімдермен бекіттік. Бұл басқа мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуға, шетелдік инвестицияларды тартуға негіз болды. Олардың көлемі 350 млрд. доллардан асты.

Екінші – экологиялық апаты асқынған ауқымды аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Арал экологиялық апаты мен Семей полигоны экожүйеге, оны қоршай орналасқан аймақтардың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайына барынша теріс әсер етті.

Біз Семей ядролық сынақ полигонын жаптық, іргелес аумақтардағы жағдайды жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдадық. Осы арқылы барша әлем елдеріне мемлекетіміздің бейбіт өмір, берекелі тіршілікті жақтайтын ел екенін паш еттік.

Біз әлемдік деңгейде алғанда аса ауқымды Арал теңізін қалпына келтіру, іргелес аумақтардағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша экологиялық жобаны өз күшімізбен іске асырдық.

Үшінші – Қазақстанда бірлік, бейбітшілік, келісім және тұрақтылық түбегейлі орнықты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көпшілік біздің елімізде ұлтаралық қақтығыстар туындап, құлдырауға ұшырап, кері кетеді деген болжамдар жасады. Халқымыздың даналығы мен кеңдігінің арқасында біз ұлтаралық келісімнің ерекше моделін іске асырдық. Біз барлық ұлт өкілдерінің өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, мемлекеттік тілді, мәдениет пен дәстүрді сақтау мен дамытуға жағдай жасадық. Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт бірлігін нығайтуға зор үлес қосып келеді. Біздің осынау тәжірибеміз бүгінде әлемде мойындалып, көптеген мемлекеттер оған қызығушылық танытып отыр.

Төртінші – түбегейлі жаңа нарықтық экономика құрылып, еліміздің әлеуеті едәуір артты. 90-шы жылдары Қазақстан гиперинфляция, бюджеттің ұзаққа созылған тапшылығы, ел табысының күрт төмендеуі және жұмыссыздықтың өсуімен қатар жүрген күрделі экономикалық дағдарысты бастан кешірді.

Соған қарамастан, біз бүгінгі таңда посткеңестік елдер арасында көлемі 2-ші және әлемнің 206 елі ішінде 41-ші орын алатын экономиканы құрдық.

Бесінші – демографиялық дағдарыс еңсерілді. 1991-1998 жылдар аралығында Қазақстаннан 2,6 млн. адам көшіп кетті. Өмір сүру ұзақтығы қысқарып, туу деңгейі күрт төмендеді. 1999 жылы халқымыздың саны 14,8 миллион адам болды. Бүгінде халық саны шамамен 4 млн. адамға өсті.     1 миллионнан аса қандасымыз Отанымызға оралды. Біз өмір сүру ұзақтығының 7,5 жасқа өсуіне, ана өлімінің 4,8 есе және сәби өлімінің 2,4 есе төмендеуіне қол жеткіздік.  

Алтыншы – қазақстандықтардың өмір сүру сапасы едәуір жақсарды. Халықтың табысы доллармен шаққанда 9 есе өсті, кедейлік деңгейі 10 есе, 4,6%-ке дейін қысқарды. Елімізде бұрын жеке меншіктің болмағанына қарамастан, қазір 1,3 млн. қазақстандық жеке бизнес иесі болып отыр. Олардың ел экономикасына қосқан үлесі 30%-тен асады. 131,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жетінші – экономиканың жаңа салалары қалыптасты. Қазақстанда бұрын өндірістің толық циклды кәсіпорындары болған жоқ. Экономика негізінен шикізаттық бағытта қызмет етті, өнеркәсіптің 93%-і бұрынғы КСРО-ның орталық ведомстволарына бағынды. 

Тәуелсіздік жылдары біз ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мұнай-химия кешенін құрдық, мұнай-химия индустриясының дамуына, металлургияны қайта өңдеуге негіз салдық, Қазақстанда өндірілмейтін 500 өнім түрін шығаруды игердік. Бүгінде Қазақстан өнімдерін 132 елге экспорттайды.

Сегізінші – еліміздің ұзақ мерзімді экономикалық қауіпсіздігі үшін жағдай жасалды. Біз өз ресурстарымызды тиімді игеріп, Ұлттық әл-ауқат қорын құрдық. Бүгінгі күні Қазақстанның алтын-валюта жинағының көлемі шамамен 100 млрд. долларға жетті. Бұл – біздің қауіпсіздігіміздің кепілі. Осының арқасында біз әлемдік дағдарыстарды ауыр күйзелістерсіз еңсеруге мүмкіндік алып отырмыз.

Тоғызыншы – көлік тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Бізде көршілеріміздің сыртқы нарықтарына да көлік қатынасы болған жоқ. Бүгінде Қытайға үш көлік-транзиттік жол, біреуі – Түркіменстанға, Иран мен Күнгей Кавказға шығатын теңіз порттары салынды. Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы жүктердің 85%-тінің жерүсті тасымалдануын қамтамасыз ететін ең ірі трансконтиненталды көпірге айналды. Транзиттік кірістер жылына 2 миллиард долларға жетті.

Оныншы – тәуелсіз Қазақстанның символына айналған және әлемдегі кез-келген заманауи мегаполистен кем түспейтін, ел мақтанышы – жаңа астана бой көтерді. Елорда құрылысы ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, ол ел экономикасының дамуына серпін беріп, басқа қалалардың да өмір сүру сапасы стандарттарын арттыруға жол ашты. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан – маңызды халықаралық бастамалардың, іргелі іс-шаралар мен келіссөздердің орталығы.

0
0
252

Көпбалалы аналармен кездесу.

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары ауданымызда белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Осындай үгіт насихат тобының  көпбалалы аналармен кездесуі бүгін  Көкдөнен ауылындағы мәдениет үйінде өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат депуттығына үміткерлері М.Айнакулов, С.Мамырбаев, С.Кулманов және А.Касеналиева сайлауалды бағдарламамен таныстырған болатын. Алғашқы сөз кезегін алған аудандық мəслихат депутаттығына үміткер С.Мамырбаев:"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың табысын арттыру бойынша тұрақты тапсырма беріп отыр. «Nur Otan» партиясының фракциясы мәжілісінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеру бойынша ауданымыздағы барлық салалық басқарма басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалап отырамыз»-деп сөзін аяқтады. «Nur Otan» партиясының алдында тұрған міндеттерді сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар атқару үшін жұмыс істеп келеміз. Депутаттар халықпен тығыз байланыста болуы тиіс», — деді С.Кулманов. Кездесу барысында көпбалалы аналар  депутаттарға өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.Өз кезегінде А.Касеналиева халықтың, оның ішінде көпбалалы аналардың мәселесін шешу барысында кері байланысты іске қосу арқылы «Nur Otan» партиясы әрқашан қолдау көрсететінін және айтылған ұсыныстардың депутаттар тарапынан ескерілетінін айтты.

0
0
196