Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көпбалалы аналармен кездесу.

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары ауданымызда белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Осындай үгіт насихат тобының көпбалалы аналармен кездесуі бүгін Көкдөнен ауылындағы мәдениет үйінде өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат депуттығына үміткерлері М.Айнакулов, С.Мамырбаев, С.Кулманов және А.Касеналиева сайлауалды бағдарламамен таныстырған болатын. Алғашқы сөз кезегін алған аудандық мəслихат депутаттығына үміткер С.Мамырбаев:"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың табысын арттыру бойынша тұрақты тапсырма беріп отыр. «Nur Otan» партиясының фракциясы мәжілісінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеру бойынша ауданымыздағы барлық салалық басқарма басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалап отырамыз»-деп сөзін аяқтады. «Nur Otan» партиясының алдында тұрған міндеттерді сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар атқару үшін жұмыс істеп келеміз. Депутаттар халықпен тығыз байланыста болуы тиіс», — деді С.Кулманов. Кездесу барысында көпбалалы аналар депутаттарға өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.Өз кезегінде А.Касеналиева халықтың, оның ішінде көпбалалы аналардың мәселесін шешу барысында кері байланысты іске қосу арқылы «Nur Otan» партиясы әрқашан қолдау көрсететінін және айтылған ұсыныстардың депутаттар тарапынан ескерілетінін айтты.

0
0
166

Осы тақырып бойынша

Көпбалалы аналармен кездесу. - Yvision.kz