Біз "Nur Otan" мен біргеміз
Біз "NurOtan" мен біргеміз.
Мен "Nur Otan”қолдаймын!
Сенде қолда!
Біз біргеміз!
Сілтемені басу арқылы бейнені көруге болады:
https://www.facebook.com/100010174448333/videos/1294582787557524/
Біз "NurOtan" мен біргеміз.
Мен "Nur Otan”қолдаймын!
Сенде қолда!
Біз біргеміз!
Сілтемені басу арқылы бейнені көруге болады:
https://www.facebook.com/100010174448333/videos/1294582787557524/
Кандидаттар қабылдау уақыты
Сенімді өкілдер қабылдау уақыты
«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Менің өмірлік ұстанымым» атты облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер Ермек Сабитов онлайн-Stream өткізді.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Жұмағалиев "Есіктен есікке" акциясы аясында Жетікөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырд
Бокстан Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов кәсіби бокстағы кездесулер сериясын одан әрі жалғастырады, деп жазды Olympic.kz. Нұрдәулетовтің ендігі қарсыласы – нигериялық Кабиру Товолави.
Айта кетелік, Бекзат кәсіби бокстағы алғашқы кездесуінде танзаниялық Ибрагим Маоколаны нокаутпен жеңген болатын. Бекзат Нұрдәулетов бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы және 81 келі салмақта Токио Олимпиадасы жолдамасының иегері.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Е.Байдашев "Есіктен есікке" акциясы аясында Жетікөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев «Кандидат қонақта» - канвассингті өткізу аясында Алға ауылының тұрғыны, Қордай ауданының Құрметті азаматы Совет Абишовтың үйіне барды. Совет ата жұбайы Халықова Зурахан апамен 8 ұл-қыз тәрбиелеген, ұзақ жылдар бойы Ырғайты созхозында қой бағып, 2 мәрте «Құрмет» төсбелгісімен, 1974 және 1975 жылдары 2 рет «Социалистік жарыс жеңімпазы» төсбелгісімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2015 жылы Қордай ауданының Құрметті азаматы атанды. Бүгінде Совет ата - аузы дуалы, ауылдың ғана емес, ауданның арқа сүйейтін абыз ақсақалы. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы алдағы сайлаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, ақсақалға ауыл тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуына атсалысуға шақырды. Өз кезегінде Совет ата кандидатқа ақ батасын беріп, саяси додада жеңіс тіледі.
Қариясы бар елдің қазынасы бар
Сайлауды үгіт насихат жұмыстарын ең алғаш үлкендерден, яғни қариялардан бастауды жөн көрдік. Батамен ел көгереді...дегендей әуелі сәлем беріп, бата алудан бастадық. Өйткені,олар өздерінің кездері мен қазіргі заманды салыстыра отырып, талдау жасайтыны анық. Бүгінгі бейбіт күннің қадірі мен қарымын жете түсінеді. Осы орайда тыл ардагері Алшын атамыз бен Баян әжеміздің шаңырағына бас сұқтық. Еліміздің бүгінгі жарқын өмірі елімізде жүргізіліп отырған сарабдал саясаттың арқасы екенін айта келе, ел тізгінін ұстаған азаматтарға алғыстарын да білдірді. Ұрпақ тәрбиесін бесіктен бастап қолға алса, экранымызды түзесек деген өтініш пікірлерін де жасырмады.
Ауылымыздың үлкен ақсақалы Жасталап атай мен Меруерт анамыздың үйіне де табан тіредік. Жасталап қария сыртта жүр екен. Сәлемімізді қабыл алды. Атамыз жасы 82 ге келсе де әлі тың, қолында балғасы, сырт тірлігінде жүр. Ұлың ұяға, қызын қияға қондырған ата әжеміз еліміздегі саяси өмірден де хабары мол, жаңалықтарды қалт жібермей тыңдап ол отырады. Қазіргі замандағы жастар тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу, т.б мәселелер жөнінде де ойларын айтты. Денсаулық сақтау ісі, оның ішінде ауылдық жерлердегі медициналық технологияларды дамытса, заманға жаңартып деген ойларын айтты.
Ұзақ жыл мал бағып зейнетке шыққан алтын алқа иегері Шәмшия анамыз бен Кенжетай атамыз шаңырағында да болып ойларын білдік. Кезінде талай қиындық көрдік, жұмысты да жасадық, баланы да тәрбиеледік. Қазір жағдай одан да шүкір. Адамдар масылдыққа үйренбесе екен. Тірлік жасасын, еңбек етсін, сонда ғана жегенің берекелі болады дейді. Айтпақшы, Шәмшия анамыз біз есіктен кіріп келгенде таңырқап, шошып қалғандай сыңай танытты. Сөйтсек, алыстағы балаларынан бір жаман хабар кеп қалды ма ойлаған екен. Өздері сексеннен асса да баланы ойлап, жүрегі езіліп отыратын ана шіркін қашанда биік қой. Ең бірінші орынға перзентін қояды ғой. Өздері аурыңқырап отыр екен. Ауылдағы медициналық қызметті жетілдірсе, дәр дәрмек жағынан тапшылық болмай, жасы үлкен қарттарды сабылтпай үйге келіп қарап тұру мәселерін тиісті орындарға жеткізсеңіздер екен дейді.
"Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламаларымен таныстыра отырып, еліміздің сан салалы жетістіктері жөнінде айтып өттік. Қарияларымыз шынайы ықыласпен тыңдады. Басты партиямыздың бағдарламасына ризашылықтарын білдірді.
Мен Арыс Серікұлы аудандық мәслихат депутаттатығына кандидат ретінде сенімді өкілдерім Самат Орынбасарұлы және Амандық Нариманұлы есіктен есікке акциясы барысында осылай түйіп қайттық.