Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев «Кандидат қонақта» - канв...

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев «Кандидат қонақта» - канвассингті өткізу аясында Алға ауылының тұрғыны, Қордай ауданының Құрметті азаматы Совет Абишовтың үйіне барды. Совет ата жұбайы Халықова Зурахан апамен 8 ұл-қыз тәрбиелеген, ұзақ жылдар бойы Ырғайты созхозында қой бағып, 2 мәрте «Құрмет» төсбелгісімен, 1974 және 1975 жылдары 2 рет «Социалистік жарыс жеңімпазы» төсбелгісімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2015 жылы Қордай ауданының Құрметті азаматы атанды. Бүгінде Совет ата - аузы дуалы, ауылдың ғана емес, ауданның арқа сүйейтін абыз ақсақалы. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы алдағы сайлаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, ақсақалға ауыл тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуына атсалысуға шақырды. Өз кезегінде Совет ата кандидатқа ақ батасын беріп, саяси додада жеңіс тіледі.

7
0
159

Осы тақырып бойынша

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев «Кандидат қонақта» - канв... - Yvision.kz