Мазмұнға өту

Жаңа

Тәуелсіздік күні қарсаңында президент қазақстандықтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Тәуелсіздік күні қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар қазақстандықтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады Марапатталғандардың қатарында «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалы бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Замандас-Павлодар» ҚҚ төрағасы Нұрбану Әмірғалиева да бар. Нұрбану Арғынқызы партияның белсенді мүшесі және талантты басшы ғана емес, өз елінің жауапты азаматы. Оның еңбек жолында асырылған көптеген жобалар мен жетістіктер бар, солардың ішіндегі ең жарқын жобалардың бірі – еріктілер жобасы. Жерлестерді волонтерлік қызметке тарту үшін 2020 жылы «Замандас-Павлодар» ҚҚ «Күміс волонтер» жобасын іске қосты. Жоба аясында еріктілер балалар үйінің балаларын қамқорлыққа алып, қоршаған ортаны қорғаумен…

0
0
113

"Сенің дауысың - сенің болашағың"

Бүгін күні үлкен акция қолға алынып жатыр. Бұл біздің Қазақстан бойынша қамтитын "Сенің дауысың - сенің болашағың" челленджі. Мұның барлығы не үшін? Өйткені, алда келе жатқан 10 қаңтар, 2021ж. - барлығымыз үшін үлкен айтулы және жауапты күн. Қазақстанның толыққанды азаматы болып есептелетін, кәмілеттік жасқа толған жас буыннан бастап, біздің аналарымыз бен әкелерімізге дейін атсалысуы керек. Бұның бірден-бір себебі: мемлекеттің тыныштығы, елдің тыныштығы. Ал елдің амадығы, береке - бірлігі - мемлекеттің бірлігі деп білеміз. Мен бұл челленджді өзім қызмет ететін ұжымымнан бастап отырмын. Сізде қосылыңыз!" #NurOtan #СеніңдауысыңСеніңБолашағың!

0
0
184

М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде болып қайтты

Бүгін партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ. Н.Кожин, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А. Қ. Маликова және ПБК мүшесі А. С. Нұрғазин М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде болып қайтты. Оқу мекемесінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектепте жаңа спорт залы, жайлы кабинеттер мен асхана, заманауи жабдықтар пайда болды. Мердігер жоспар бойынша ақпан айында тапсыратын жұмыстың алдын алып, уақытынан бұрын аяқтады, енді мектеп балаларды қабылдауға дайын. _________ Сегодня Председатель Комиссии партийного контроля Кожин К.Н., Первый заместитель председателя партии «Nur Otan» Маликова А. К. и член КПК Нургазин А. С. посетили среднюю общеобразовательную школу имени М. Алимбаева. В учебном учреждении были проведены строительные и ремонтные работы. В…

0
0
130

«Есіктен есікке» шарасы жалғасын тапты

«Есіктен есікке» шарасы жалғасын тапты«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша облыстық сайлауалды штабтың басшысы Елубай Әбілов пен ҚР Мәжілісі депутатына кандидат Самат Мұсабаев бүгін Мұнайлы ауданы, Басқұдық а.о болды.Акция барысында аудан халқының шаңырақтарына арнайы барып, партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 2007 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен құрылған Мұнайлы ауданы бүгінде дамыушы аудандар қатарында екені сөз етілді. Қандастарымыздың ең көп шоғырланған ауданның дамуына ерекше мән беріліп, инфрақұрылымы толықтай жүргізілген, жолдар кезең-кезеңімен салынуда, мектеп-балабақшамен толық қамтылған, медициналық орталықтар да аудан халқының өсуіне орай бой көтерілу…

0
0
136

Есіктен есікке акциясы аясында Атамекен ауылы

"Nur Otan" партиясынан кандидаттарды Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға үгіттеу жалғасуда.Бүгін" Nur Otan "партиясының кандидаты Казахбаев Оспан Дәденұлы " Есіктен есікке " акциясы аясында Атамекен ауылы Ақжелкен, Самал көшелері тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары туралы біліп қана қоймай, өз проблемаларымен бөлісті.Адамдар кандидатқа басқа тілектер мен өтініштермен жүгінді."Адамдардың тілектері мен проблемалық мәселелерін жазып алдым, оларды қаланың тиісті басқармалары мен ұйымдарына жіберемін. Онда сұрақтар зерттеледі, содан кейін адамдарға қалай көмектесуге болатыны туралы нақты жауаптар беріледі", - деп атап өтті Казахбаев Оспан Дәденұлы."Nur Otan" партиясы азаматтардың мәселелерін жақсы біледі және түсінеді. Ол қазақстанды…

0
0
112

«Шлюмберже» компаниясының еңбек ұжымы мен онлайн кездесу болды.

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Шлюмберже» компаниясының еңбек ұжымы мен онлайн кездесу болды.

«Шлюмберже» компаниясы – әлемнің 80-ге жуық елдерінде істейтін, 140 түрлі ұлттан тұратын, 100 мыңға жуық жұмыскерлері бар дүниежүзілік ірі мұнай саласындағы қызмет көрсету корпорациясы. «Шлюмберже» сейсмикалық ақпарат пен формацияның даму процесі, ұңғы тесті мен тура бұрғылау, ұңғы цементтеу мен қоздыру, жасанды көтеру, ұңғыны аяқтау және консалтинг, бағдарламалар мен ақпаратты басқару сияқты кең ауқымды өнімдер мен қызметтер ұсынады. Бүгінгі таңда компанияның Маңғыстау облысындағы базасында 300­ге жуық адам еңбек етуде. Кездесуде еңбек ұжымы халық қалаулыларына өз ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

0
0
109

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Руслан Нұрсипатов бастаған...

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Руслан Нұрсипатов бастаған үгіт-насихат тобы Жамбыл ауылында болып, ауыл шаруашылығы саласын дөңгелетіп отырған ауыл тұрғындарымен кездесті. Руслан Маратұлы алдымен кездесуге келгендерге партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Кездесуде сондай-ақ 7 басымдықты қамтыған ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды. Бағдарламада Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының алдағы уақытта бірқатар ауқымды мәселелері шешімін таппақ. Нақтырақ айтар болсақ, 2021 жылы Жамбыл ауылында 90 орындық мәдениет нысаны бой көтермек.

9
0
162