Мәжіліс депутаттығына кандидат Т.Бейсқали ардагерлермен канвассинг кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Толқын Ермекқызы Миялы ауылының ардагерлері Т.Бермағанбетов, Т.Балғынбаев, С. Айжарикова Қ.Базарбаевтардың шаңырағына арнайы барып канвассинг кездесу өткізді.Кездесуде «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтып, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.Өз кезегінде ақсақалдар нақты істер партиясы “Nur Otan”-ды қолдайтындықтарын және отбасыларымен бірге дауыс беретіндіктерін жеткізді!
