Жаңа
Тәуелсіздік күні құтты болсын!!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!!
"Қамқорлық"
Үгіт-насихат
«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Е.Жанбыршин С.Мусабаев және А.Абилова бүгін Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы, Баянды ауыл округінде тұрғындарымен кездесті.Қазір халықтың сенімін алу, олардың үмітін арқалау екінің біріне берілмейтін бақ. Ал оны мойынға жүктеген екенсің, абыроймен арқалау керек. Міне, халықтың артар жүгі осы. Сомен елдің сенімін алған соң қайтпек керек? Халықпен етене жақын болу абзал. Елі сенген, үміт артқан азаматтың бірі ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Е.Жанбыршин мен С.Мусабаев ел аралап жүр. Мұндағы мақсат – «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға негізделген сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын…
Қаржауов Талғат және аудандық мәслихатқа үміткер Сұлтанмұрат Айбек ауыл тұрғындарымен кездесті.
Қазыбек би ауыл әкімшілігіне қарасты Қазыбек би елді мекенінде облыстық мәслихатқа үміткер Қаржауов Талғат және аудандық мәслихатқа үміткер Сұлтанмұрат Айбек ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жиын соңында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып тұщымды жауаптар алды.
Денсаулық саласының өкілдерімен кездесу
Денсаулық саласының өкілдерімен кездесу«Nur Otan» партиясынан мәслихаты депутаттығына кандидат С.Мусабаев денсаулық сақтау саласының мамандарымен ZOOM бағдарламасы арқылы кездесті. Кездесу барысында партияның алдағы қойған мақсатты жұмыстары айтылып, жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселенің мән-жайы түсіндірілді. Атап айтсақ, партия бағдарламасында облыстамедициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықтармен 100% - ға дейін қамтамасыз ету - 347 бірлік медициналық жабдық сатып алу, облыстық онкологиялық диспансер және қалалық, аудандық ауруханалар базасында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулермен халықты қамту деңгейін ұлғайту. онкологиялық науқастарды стационарлық және амбу…
Тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Құрметті Мұнайлы ауданы тұрғындары мереке құтты болсын. Тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз!
«Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты концерт өтті
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жетісай қаласының мәдениет үйінде «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты концерт өтті. Концертке ауданымыздың танымал әншілері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.