ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Дамудың жеті басымдылығы

– Елімізге таралған пандемия көптеген салаларда шектеулер қойылып, оларда белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Осыған орай мемлекет тарапынан экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. 1700 аз қамтылған отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді. 2272 мүгедек жандарға, 270 мүгедек балаларға, олардың күтімімен айналысатын 270 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтпаған жұмыспен қамту шараларына тартылған 1766 азаматқа әлеуметтік көмек төленді. 397 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді. Еріктілер арқылы 613 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді. 2020 жылы қоғамдық жұмыстарға 1169, кәсіптік оқуға 100, 110 адам жастар практикасына жіберілді. 100 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беріледі. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 2 инвестициялық жобаларды іске асыруға 757,7 млн. теңге бөлінеді. 190 жұмыс орындары ашылады, оның 50 пайызына, яғни 95-іне жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жолданды. 27 коммуналдық мекмелердің жалға алу төлемдері 3 айға тоқтатылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге 82 жобаға 200 АЕК көлемінде мемлекеттік гранттар бөлінді.