Мазмұнға өту

Жаңа

Партиялық бақылау жұмыстары

Бүгін партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Орынбасарова Нұргүл Охасқызы дәрілік заттардың шекті бағаларына сәйкестігіне мониторинг жасау мақсатында Биосфера және Arzan Pharm дәріханаларына рейд жүргізді. Рейд барысында дәріханаларда бар медициналық препараттардың тізімімен танысты, сондай-ақ дәріхана қызметкерлерімен бағаның көтерілуіне жол бермеу туралы әңгімелер жүргізілді.Екі дәріханағада ковидке қарсы қолданылатын дәрілік заттарға бөлек бұрыш жасау ұсынылды.

0
0
183

Аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Молдабеков Нұржан және мәслихат депутаттығына...

Аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Молдабеков Нұржан және мәслихат депутаттығына кандидаттар Кадырбекова Зәуреш, Ашимова Айман, Сарсембаев Талғат,Қарабаев Мадияр, Абдулла Азамат «Есіктен есікке» акциясы аясында Сарыбастау ауыл тұрғындарының үйіне барып, үгіт-насихат материалдарын таратып, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

14
0
194

«Есіктен – есікке» акциясы

"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы барысында партия атынан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Рыспеков Ж.С. ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Асан С.Ю. сенімді өкілімен бірлесіп Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінде «Есіктен – есікке» акциясы аясында сайлаушылардың үйлерінде агитациялық кездесулер өткізді.

0
0
172

Қадірменді Қазақстан халқы! Сіздерді мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев егемен ел атанған Қазақстанның аяққа тұруына, экономикасын қалыптастыруға және оны бір жолға қоюға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ең бастысы ашық аспан, бейбітшілікте өмір сүруімізге жағдай жасады. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.

2
0
145

Шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесу

Бүгін аудандық маслихат депутаттығына үміткер кандидаттар әлеуметтік желіде шаруа қожалық өкілдерімен кездесті.

Келелі кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, шағын кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтырдың ауданымызда алар орны, абыройы жайында әңгіме қозғалды.

Кездесу барысында шаруа қожалық өкілдері, 20 жылдан астам тарихы бар партияның әрбір ісін қолдайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, үміткерлерге еліміздің дамуына үлесін қосуға аянбай еңбек етуіне тілектестік білдірді.

0
0
134