Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы

"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы барысында партияның сенімді өкілдері мен кандидат Н.Орынбасарова бүгін еңбек ардагері Майра Жарылғапқызының үйінде агитациялық кездесу өткізді.

Майра апай Жаңаарқа аумағында фармацевтика саласында кәсіпкерлік қызметті бірінші болып қолға алып, көп жылдар бойы жемісті қызмет атқарып келеді.

"Жақсы өмір сүргің келсе ерінбей еңбек ет" деген ұстанымға ие Майра Жарылғапқызы "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы кәсіпкерлік қызметті қолдау және дамытуға басымдық беретініне өз ризашылығын білдірді.

Өзінің Қарағанды облысының біртоп кәсіпкерлерінің қатарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен өткен кездесуге қатысқанын мақтанышпен еске алған Майра апай, партия Көшбасшысының Тәуелсіз Қазақстанның Тұғырлануы мен дамуы жолындағы көп қызметінің бірі кеңбайтақ даламызға автокөлік және теміржолдарды салудағы қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.

Сөз соңында татулық пен бірлік бар Ел ғана өркендейтін тілге тиек етіп, қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетуді көздеген "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
159

Осы тақырып бойынша

"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы - Yvision.kz